Алматы облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды іздестірді
Алматы облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ескелді ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бақтыбай ауылының 38 жастағы тұрғынынан кәмелетке толмаған қызын іздеуге көмектесу туралы хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, қызы үйден белгісіз бағытта кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Бұл факті дереу жергілікті полицияда тіркелді.
– Жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері қыз баланың облыс орталығында тұрған жерін анықтап, Ескелді ауданының полициясына жеткізді. Психолог пен заңды өкілдердің қатысуымен жауап алу барысында уәмелетке толмаған қыз Талдықорған қаласына өзінің бейтаныс құрбыларына барып, олармен бірге қалғанын айтты. Құрбыларымен қалғаны туралы ешкімді ескертпеген. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған және оның ата-аналарымен ювеналды полиция қызметкерлері мектеп мұғалімдері мен психологтардың қатысуымен алдын алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов.
Бірінші күні ата-анасы мен туыстары оны өз бетінше табуға тырысты, бірақ іздеудің пайдасыз әрекеттерінен кейін олар полицияның көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары өздерінің кәсіпқойлығының арқасында бір тәулік ішінде оны тауып, ата-аналарына қайтарып берді. Қыздың анасы тәртіп сақшыларына тек жұмысында ғана емес, жеке өмірінде де сәттілік тіледі.