«Динамо» спорт қоғамында виртуоз-скрипкашы Марат Бейсенғалиев қонақта болды
Бүгін «Динамо» спорт қоғамында аты әлемге әйгілі виртуоз-скрипкашы Марат Бейсенғалиев қонақта болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Студент кездерінде стадион оның ең сүйікті орны болған екен. Талай рет «Динамо» Алматы командасының допты хоккей ойындарына жанкүйер болыпты.
«Динамо» спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов музыкантты «Динамо» қоғамының медалімен марапаттап, қазақстандық Олимпиада чемпиондары жайлы кітапты естелікке ұсынды. Ол да қоғамға өзінің шығармалар жинағын табыс етті.
Музыкант Алматы қаласының ең көрікті жерлерінің бірі, аты аңызға айналған «Динамо» стадионының сақталып қалғанына ерекше ықыласын білдіріп, қоғамға әрқашан да жеңіс тұғырынан көріне беруін тіледі.