Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Жол апаттарының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан орын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі белгіленген жылдамдық режимін сақтамау салдарынан орын алатынын айтты. Тек қана жылдамдық режимін сақтамау салдарынан Алматы облысында жыл басынан бері 500-ден астам жол апаты орын алған.

– Жалпы Алматы облысы бойынша жыл басынан бері 1 743 жол-көлік оқиғасы орын алып, олардың салдарынан 260 адам көз жұмды. Оның 503-і белгіленген жылдамдық режимін сақтамау салдарынан орын алып, онда 102 адам қаза тауып, 848 адам жарақат алды. Егер әкімшілік жазалар бойынша цифрларды алатын болсақ, жыл басынан бері облыс аумағында жылдамдық режимін асырған жүргізушілерге қатысты 16 307 әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Мейір Демеубаев.

Осыған байланысты Республикалық маңызы бар автожолдарға «КРИС-П»автомобиль радарлары мен фоторадарлық кешендері қойылады.

– Тек қана бір тәулік ішінде жоғарыда аталған техникалық құралдардың көмегімен жылдамдық режимін бұзудың екі жүзден астам фактісі анықталды. Сондай-ақ қыстың жақындауына және ауа райының нашарлауына байланысты, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақтылы ауыстыру маңызды, – деп толықтырды Мейір Демеубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру