Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізушілерді жолда сақтық шараларын қабылдауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты елді мекендерден тыс автожолдарда жүре алмай қалған көлік құралдарын табу жағдайлары жиілеп кетті.

Көбіне автокөлік құралдары күн салқын, боран және бұрқасын болғанда жолаушылармен бірге елді мекендерден қашықта қалып қояды, соның салдарынан уақтылы көмек көрсетуге кедергі туындайды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті  мұндай жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілерді көлік құралдарын қысқы кезеңге дайындау қажеттілігі туралы ескертеді, атап айтқанда көлік құралдарының шиналарын ауыстыру, құтқару қызметінің ескерту хабарламаларына назар аудару, қозғалыс кезінде қашықтықты сақтау және т. б. сияқты шаралар қабылдануы тиіс.

Айта кетсек, елімізде қарашаның 10 -11 аралығында 49 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 9 адам қаза тауып, 53 адам дене жарақатын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру