Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері жол ұйымдарының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тексерді

Жамбыл облысының полицейлері жол ұйымдарының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тексеру кезінде оларда қар жинайтын техниканың жетіспейтіндігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ, “Қазақавтодор” ЖШС Жамбыл облыстық филиалдарының өкілдерімен және басқа да мердігер ұйымдармен бірлесіп, жол ұйымдарының автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындығын тексерді.

Тексеру барысында арнайы техниканың бар-жоғы және оның жарамдылығы, сондай-ақ жол белгілерінің, көктайғаққа қарсы материалдың қандай қоры жинақталғаны тексерілді. Тексеріс барысында облыс автожолдарын қыста күтіп ұстауға қар жинайтын техниканың жасақталуы мен дайындығы шамамен 90 пайызды құрайтыны анықталды. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, бұл көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Әсіресе боран кезінде.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша, яғни, қар жинау техникасының жетіспеушілігі туралы ақпарат “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ-ға, сондай-ақ облыс әкімдігі органдарына жіберілді.

– Алдағы күндері жауын-шашын мен қар жауу ықтималдығы жоғары және ауа райы жағдайы күрделене түсетіні туралы хабарлағым келеді. Осыған байланысты көлік жүргізушілеріне жазғы шиналарды (дөңгелектерді) қысқы шиналарға (дөңгелектерге) ауыстыруды және жол ережелерін қатаң сақтауды ұсынамын, – дейді Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Ержан Мананбаев.

Бұдан басқа, автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жыл басынан бері 159 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру