Алматы облысының полицейлері жыл басынан 130-дан астам қылмыскерлерді ұстады
Алматы облысының полицейлері жыл басынан 130-дан астам қылмыскерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыскерлерді іздеу – жедел уәкілдің басты міндеттерінің бірі. Заңды бұзған адамдар жазадан құтылу үмітімен қашады. Жыл басынан бері Алматы облыстық полиция қызметкерлері 131 қылмыскерді құрықтады.
– Заң сызығынан аттаған адамдарды іздеумен қатар, жедел уәкілдер із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеумен айналысады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге әрбір дерек бойынша учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлер жұмылдырылып, бағдарлар полицияның кешенді күштеріне жолданады. Жыл басынан бері 82 хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығы Руслан Смағұлов.
Полициядан басқа, хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге еріктілер қозғалысының өкілдері қосылады.
– Еріктілер үлкен көмек көрсетеді, әсіресе «LIDER.KZ» іздеу жасағының жұмысын атап өткім келеді, олар күндіз де, түнде де байланыста. Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың көбісі олардың тікелей жәрдемімен табылады, – деп толықтырды Р. Смағұлов.
Егер адам жоғалып кетсе, таныстарына, достарына және туыстарына дереу қоңырау шалу керек. Қандай да бір ақпарат болмаған жағдайда, жоғалған адамның соңғы белгілі болған жері бойынша полиция бөліміне немесе жақын жердегі полиция бөліміне дереу хабарласу қажет.