Алматы облысының полициясы Ащысай ауылындағы адам өлімі бойынша тергеуді бастады
Алматы облысының полициясы Ащысай ауылындағы адам өлімі бойынша тергеуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кісі өлімі 15 тамыз сенбіге қараған түні болды. Ер адамды өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Жарақат алған азамат Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Азамат алған жарақатынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында.
Алматы облысының полиция департаменті мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана сену керектігін, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.