Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы: автожол үстінде «көкпар» тартқандар жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның ат бәйгесін ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ адам жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, «Алматы – Бішкек автожолы» бойындағы Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңында рұқсатсыз «көкпар» ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлері жолда жарыс ұйымдастырушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдады. Қабылданған шаралар нәтижесінде, «көкпар» ұйымдастырған және оны тартуға атсалысқан Бұлақты кентінің сегіз жергілікті тұрғыны ұсталды. Барлық аталған тұрғындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Ұсақ бұзақылық) дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру