Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 12 мас жүргізуші анықталды

Түркістан облысының полицейлері “Қауіпсіз аудан” жедел-профилактикалық шарасы барысында 12 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы демалыс күндері Түркістан облысының Отырар ауданында күшейтілген режимде Отырар АПБ жеке құрамының қатысуымен “Қауіпсіз аудан” жедел-профилактикалық шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу және ашу, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау және қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында жол тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларын азайту болып табылады. Іс-шара кезінде полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге, соның ішінде алкогольдік масаң күйде көлік басқару, жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневр жасау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалану, жаяу жүргіншілерге және басқа да құқықбұзушылықтарға басымдық бермеу фактілерін анықтауға ерекше назар аударды.

Үш күндік рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 12 жүргізушіні ұстады. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нәтижесінде, Отырар аудандық сотының шешімімен аталған жүргізушілер жеті жыл мерзімге автокөлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, олардың 10-ы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, қалған екеуі егде жасқа болуына байланысты әкімшілік қамаудан босатылды.

Полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жылдамдықты асырмаңыз және қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз және мас халде рульге отырмаңыз, егер жоғарыдағыдай қателіктерге жол берсеңіз, оның соңы жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін. Жүргізушілер есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар сіздің жолаушыларыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы жол ережелерін сақтауға байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру