Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір жарым жыл бұрын ұрланған жылқыны полицейлер тапты

Түркістан облысының полицейлері бір жарым жыл бұрын ұрланған жылқысын Алматылық тұрғынға қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өткен жылдың көктемінен бері іздеуде жүрген, Алматы қаласының тұрғынының жылқы ұрлағаны туралы шағымы бойынша мал ұрысын құрықтады.

2019 жылдың сәуір айында жәбірленуші Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті жайылымның бірінен құны жарты миллион теңге тұратын жылқысын ұрлап кеткені туралы арызданған.Сондай-ақ, жәбірленуші жедел уәкілдерге жылқының ұрлануына мал бағу үшін жалдаған бақташының қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, күдікті адамдар мен ұрланған малды іздеуге кірісті.
Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық жайылымдарды, мал базарларын аралап, автокөліктерді тексеріп, басқа да қажетті іс-шараларды жасады. Алайда, жедел іс-шаралар нәтиже бермеді және полиция күдіктіге іздеу жариялады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың тамыз айында Созақ ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған барымташыны анықтап ұстады. Оны полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған адам жәбірленушіге бақташы болып жұмыс істеген, Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Айғақты зат ретінде алынған жылқы заңды иесіне қайтарылды.
Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағы болуды және мүліктерін қараусыз қалдырмауды ұсынады. Малыңызды таңбалап, сырғалау керек, ал оны жаю үшін сенімді бақташылар жалдап, бейтаныс адамдарға мүлдем сенбеу керек. Үй малы ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру