Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының Қарасай ауданындағы криминогендік жағдай тұрақты

Алматы маңындағы қылмыс деңгейі 22,1% – ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөлімшесі биыл жылдың басынан бастап қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және өңірдегі криминогендік жағдайды сауықтыру бойынша біршама шаралар қабылдады. Басты назар көше қылмысы мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың жолын кесуге аударылды. Атап айтқанда, криминогендік жағдай ескеріле отырып, полицияның барлық жасақтарының патрульдеу бағыттары қайта қаралып, қылмысқа неғұрлым бейім учаскелерге жақындатылды.

– Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша берілген тапсырмалар аясында аудан полицейлері құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдап келеді. Нәтижесінде аудандағы жедел жағдай айтарлықтай жақсарды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 22,1%-ға азайды, – дейді Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.


Сонымен қатар, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты қылмыстар саны 36,4% – ға азайған. Ұрлықтың барлық түрлері 27,8% – ға, ал мал ұрлығы 25% – ға төмендеген. Сондай-ақ, тонау сияқты ауыр қылмыс түрлері 39,6% – ға, қарақшылық бес есе, бұзақылық әрекеттер 24,4% – ға азайды.

– Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салады. Біздің аудан азаматтарының құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс – шаралар әрі қарай да жалғасын табады, – деп толықтырды  Тотыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру