Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыныптасының қойын ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері өзінің сыныптасының қойын ұрлаған ер азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық ПБ кезекші бөліміне ауылдың бір тұрғыны өзінің малын бағуды сеніп тапсырған танысы оның мал жайылымынан төрт қойын заңсыз сатқаны туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен төрттен бір миллион теңгені құрады. Басқа адамдардың қойларын сатқаннан кейін қойшы мал жайылымын тастап, қылмыс орнынан қашып кетті.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша Арыс АПБ-ның СДТБТ-не тіркеп, жасырынған күдіктіні іздеуге кірісті.

Арыс ПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны Арыс қаласында ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы болып шықты. Ұсталған шопанды тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған қойлар заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің мал ұрлығының басқа да ұқсас фактілеріне қатыстылығы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүліктеріне қырағы болуға және үй малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше малды таңбалауға және сырғалауға, ал мал бағуға және үй малдарын қарауға тексерілген адамдарға сеніп тапсыруға тиіс. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу полицияға “102” телефоны арқылы хабарласуға болады. Бұл полицейлерге қылмысты дер кезінде ашуға және мал ұрлықтарын ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру