Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті мал ұрлығын ашты

Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу ауданының кезекші бөліміне Қарашілік ауылының 33 жастағы тұрғыны қорасынан бір бас ірі қара малының ұрланғаны жайында арызданған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын сомасы 150 мың теңге.

– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті – 58 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің ұрланған малды сатып, ақшасын жеке бас қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында , аудан тұрғындарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге, малдарын қараусыз жібермеуге шақырамыз, – дейді Ақсу АПБ бастығы Даурен Сакенов.


Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру