Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта зейнеткердің алтын алқасын тартып алған күдікті ұсталды

Сәтбаевта зейнеткерден алтын алқасын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілде күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімен Абай көшесінде тонау қылмысы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына Сәтбаев қалалық Полиция бөлімі патрульдік полиция взводының жақын маңдағы жасағы жіберілді. Полиция қызметкерлері оқиға орынында 72 жастағы зейнеткерден жауап алып, әйел белгісіз біреу кенеттен шабуыл жасап, алтын алқасын тартып әкеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құраған.

Күдікті туралы мағлұматтар алған полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктілер мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру