Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тәртіп сақшылары полицейлердің өз отбасы арасында қандай екенін көрсетті

Халықаралық отбасы күні тәртіп сақшылары үшін ерекше, бірақ кеңінен атап өтілмейтін мерекелердің бірі. Алматы облысының тәртіп сақшыларының отбасы, балалары мен жақындарының арасында қандай екендігін көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- 15 мамыр – адалдық пен өзара махаббатты, отбасылық бақытты бейнелейтін күн. Полиция қызметкерлері - бұл өз уақыты мен жеке мүдделерін, ниеттерін құрбан етіп, өз өмірін мемлекет пен халыққа толық қызмет етуге арнаған жандар. Қазір Алматы облысының полициясы қатарында 700-ге жуық қызметкер қызмет етеді. Қызметкерлердің әрқайсысының еш нәрсеге қарамастан оларға сүйіспеншілікпен қарап, күтетін отбасысы мен жақындары бар, - дейді Алматы облысы ПД Кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары  Абылай Нурымов.

Тәуелсіздік жылдарының өзінде Алматы облысында өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде 13 қызметкер қаза тапқан. Олардың артарында балалары, әйелдері мен аналары қалды.Тәртіп сақшылары оларды ешқашан ұмыт қалдырмайды.

- Күйеуімді жұмысқа жібергенде, оны қайтадан көре алмай қалуымды және оның аман-есен оралмай қалуы мүмкін екенін ойлап, уайымдаймын.Себебі, полиция қызметі қауіп-қатермен тығыз байланысты. Мен жұбайымның өз өмірін тәуекел етіп, бекетте тұратынын, қауіпті қылмыскерлерді ұстайтынын білемін, - деп өз ойымен бөлісті Қапшағай қаласы ПБ патрульдік полиция взвод командирі Диас Айнақұловтың жұбайы Нелля.

Полиция қызметкерінің отбасы екі қыз тәрбиелеп отыр. Айша мен Сания кішкене жастарына қарамастан әкелерінің Қазақстанның болашағы үшін халық пен барлық азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін біледі.


Ал Панфилов аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларының жақындары мен балалары үшін уайым екі еселенген. Себебі отбасының әкесі мен анасы да полиция қатарында бірге қызмет етеді. Отағасы- Рустам Рахимов учаскелік инспектор, ал отанасы - Гүлинұр Юсупова капитан шенінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор болып қызмет атқарады. Оларды Отан алдындағы парыз, қызмет, отбасы және Ясмин, Нармина және Рамин есімді балалары біріктіреді.


Полиция аға лейтенанты Алымжан Надыровтың отбасы - Алматы облысындағы үлгілі отбасылардың бірі. Атасы - Надыров Гожа (1904-1992ж.ж.) - Ұлы Отан соғысының ардагері. Тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарындағы қазметін 2001 жылы бастаған. Ол Панфилов ауданының полиция бөліміндегі түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Бүгін де ол ювеналды полицияның учаскелік инспекторы. Жұбайымен бірге екі ұлы мен қызын тәрбиелеп отыр. Ортаншы ұлы Надыров Амаль -джиу-джитсу бойынша облыс пен ауданның халықаралық турнирлерінің жеңімпазы, болашақта әкесінің ізін жалғастырмақ ниетте.

- Менің әкем-менің бетке ұстарым, батырым! Мен өскенде, әкем сияқты полиция қызметкері боламын, - дейді Амаль.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру