Алматы облысының тәртіп сақшылары зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара өткізді
Алматы облысының тәртіп сақшылары зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Райымбек ауданының тәртіп сақшылары Райымбек аудандық әкімдігінің жастар ресурстық орталығының психологтарымен және аудан еріктілерімен бірлесе «Менің әлемімде зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу және зорлық-зомбылықтың құрбаны болған тұлғаларға құқықтық, психологиялық көмек көрсету.
– Біздің, яғни полицияның қолында «отбасылық жанжалдарға» әсер етудің белгілі бір тетіктері бар екенін атап өткен абзал. Себебі біз осы сынды жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу арқылы осы санаттағы құқық бұзушылықтардың алдын ала аламыз,-дейді Райымбек АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы Баян Жирен.
Аталған іс-шараның негізінде аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.