Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тергеушілеріне арнайы атақтар берілді

Алматы облысының тергеушілеріне кәсіби мереке күні кезекті арнайы атақтар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым әріптестер мен қызметтестерді Қазақстан полициясы күніне байланысты құттықтаудан басталды. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Болат Тенезбаев полиция қызметкерлері үшін бұл ерекше күнде өзінің бағыныштыларын құттықтап, оларға денсаулық, жауапты жұмыста табыс және отбасылық бақыт тіледі. Сонымен қатар, қызметте ерекше көзге түскендерді атап өтіп, оларға жұмыстағы жетістіктері үшін алғыс айтты.

Мысалы, бұл атаулы күнде кезекті полиция капитаны атағын облыстың ПД Тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Дарина Утегенова алды.

Утегенова Дарина Ерлановна 10 желтоқсан 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Талдықорған қаласында өскен ол, облыс орталығындағы Н.Островский атындағы №8 мектепті тәмамдаған. 2012 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түсіп, оны 2016 жылы үздік аяқтады. Еңбек жолын Талдықорған қаласы ПБ-ның қатардағы тергеушісі болып бастады. Өзін өте тәртіпті, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Осыған байланысты облыстық департаменттің Тергеу басқармасының Аймақтық бақылау бөлімінің тергеушісі қызметіне ұсынылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың атынан 100-ден астам азаматтарға грамота мен алғыс хаттар табысталатын болады. Олардың ішінде Ішкі істер органдарының 10 ардагері, бес қоғамдық көмекші, 14 қала тұрғыны бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру