Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үлгілі полицейлердің ата-аналарына алғыс жарияланды

Алматы облысының үлгілі полицейлерінің ата-аналарына алғыс жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен және Полиция департаментінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсібилік танытқан, қызметте жоғары көрсеткіштер көрсеткен Алматы облысының 650-ден астам тәртіп сақшысы марапатталды, сондай-ақ полицейлердің 44 ата-анасына алғыс хат табысталды.


Бүгін, 23 маусым күні Полиция департаментінде онлайн режимінде салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Кудебаев, ардагерлер кеңесінің өкілдері, Департамент қызметтері мен бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

– Алматы облысының Полиция департаменті-жоғары дәрежелі кәсіби мамандар жұмыс істейтін кадрлық әлеуеті жоғары және заманауи техникалық базасы бар қуатты полиция мекені. Олардың жетістігінің басты кепілі – ұрпақ сабақтастығы жинақтаған баға жетпес тәжірибе. Қазіргі уақытта жиырмаға жуық қызметкер наградаға ие болды. Қызметтік борышын атқару кезіндегі адал еңбегі, ерлігі мен батылдығы үшін төрт қызметкер “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградасымен марапатталды, – деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев.

Сонымен қатар, 61 қызметкер алғыс хатпен, 63 тәртіп сақшысы грамоталармен марапатталды, 18 полиция қызметкеріне алғыс жарияланды, сондай-ақ 428 үміткер өздерінің алғашқы арнайы офицерлік атақтарын алды. Сондай-ақ, жеті қызметкер кезекті әскери атағын мерзімінен бұрын алды. Бұдан өзге, қызметте жақсы көрсеткіштер көрсеткені үшін 30-дан астам қызметкердің бұрын жарияланған жазалары алынып тасталды, 1090-нан астам қызметкер мерекелік ақшалай сыйақы иеленді.

– Тәуелсіздік жылдары Алматы облысының полициясы қылмыспен ымырасыз күресте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан он үш әріптесін жоғалтты. Бүгін салтанатты іс-шараға отбасы мүшелері: қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің ата-аналары, әйелдері, балалары онлайн режимінде қатысуда. Біз қаһарман-полицейлер үшін қабырғамыз қайыса қайғырамыз. Олар әрдайым біздің жүрегімізде, – деп атап өтті Серік Кудебаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан полициясының функциялары мен міндеттерін анықтайтын “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы” ҚР Заңы қабылданған болатын.
2007 жылдың 5 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен 23 маусым – кәсіби мереке-Қазақстан полициясы күні болып бекітілді.
Серік Кудебаев өзінің құттықтау сөзінде жеке құрам мен олардың отбасыларына амандық, денсаулық және отбасылық бақыт , ал курсанттарға қызметтік міндеттерін адал атқаруларын, құқықтық тәртіпті нығайтуда және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қылмыспен ымырасыз күресте ерлік пен жауынгерлік танутыларын тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру