Алматы облысының тұрғындарына полицейлер медициналық бетперде таратуда
Бір күн ішінде 500 медициналық бетпердемен 200 қолғап таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары зарарсыздандыру құралдарымен азаматтардың біршама санатын қамтуды жоспарлап отыр.
Бұл жолы полицейлердің патрульдеуі ерекше түрде жүзеге асырылды. Таңертеңнен бастап Іле ауданының тәртіп сақшылары қосымша вирусқа қарсы құралдарын, медициналық бетперделерін, резеңке қолғаптарын және антисептикалық құралдарын алып, аудан орталығы Өтеген батыр көшелеріне шықты. Инспекторлар жүргізушілер мен жолай өтіп бара жатқан адамдарға қосымша бетперделер мен қолғаптарды табыс етті.
– Біздің мақсатымыз халықты вирустық инфекциядан барынша шамамыз келгенше қорғау болды. Бұл жұмыс барлық жерде және мерзімді негізде жүргізілетін болады. Бүгінде бізге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда және қылмысқа қарсы күресте басты рөл атқарады, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу ісінде де алғы шептен орын алған. Біз азаматтарды барлық алдын алу шаралары мен карантиндік тәртіпті қатаң сақтауға шақырамыз, – деп атап өтті Іле ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев.