Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Із-түссіз жоғалған балаларды шымкенттік полицейлер аман-есен тапты

Шымкентте жоғалып кеткен екі баланы полицейлер дер кезінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 тамыз күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының “102” пультіне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің кәмелет жасқа толмаған екі баласының түскі сағат 14:30 шамасында үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған.

Аталған жерге шұғыл тергеу тобының құрамы және Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесіп іздеу шараларына кірісіп, нәтижесінде екі баланы Күншығыс мөлтек ауданының аумағынан аман-есен тапты. Үйлерінен шыққан соң адасып кеткен жасөспірімдер ешқандай дене-жарақатын алмаған.

Қазіргі таңда екі жасөспірім балалармен арнайы мектеп психологы мен сынып жетекшісі профилактикалық жұмыс жүргізуде.

– Балалар өз ортасында достарымен жақсы қарым-қатынаста, ұдайы белсенді, сабақ үлгерімдері орташа деңгейдегі оқушылар, – деп баға берген психолог аталмыш балалармен алдағы уақытта да тиісті жұмыстар атқаратын болады.


Балалардың қараусыз және ата-ана назарынан тыс қалуы қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін. Сондықтан Шымкенттік тәртіп сақшылары түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүру фактісін анықтаса, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық, ал балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтындар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру