Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғыны азаматтарды арзан көлік алып беремін деп алдаған

Алматыда 36 жастағы азамат қала тұрғындарын арзан көлік алып беремін деп алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс бойынша Алматы облысының тұрғыны 36 жастағы Ж.есімді азамат күдікке ілінді.

– Істің мән-жайына сәйкес, күдікті, таныстарын алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы арзан бағада автокөлік сатамын деген желеумен олардың ақшасын иемденіп алған. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 5 эпизод анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол қамауда отыр, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру