Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде “Сергек” камералары арқылы көлікті айдап кетушілер ұсталды

Семейде “Сергек” камералары арқылы көлікті айдап кетушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамыз күні “102” арнасына Семей тұрғынынан оның Daewoo Matiz көлігін ұрлау фактісі бойынша хабарлама келіп түскен.

Осы сияқты өтінішпен 13 тамыз күні Toyota Yaris көлігінің иесі де шағымданған. Облыс орталығының екі тұрғыны да айдап әкетушілердің құрбаны болған. Жедел басқару орталығы қызметкерлері мен “Сергек” сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған көліктің жүрген орындары анықталды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен уақытында аталған көліктер тоқтатылды, күдіктілер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру