Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғынынан екі жарық-шулы граната тәркіленді

Алматы облысы Қарасай ауданында ауыл тұрғынынан екі жарық-шулы граната тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарасай аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Абай кентінің тұрғындарының бірі гранатаны сақтағаны туралы жедел ақпарат алды.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері ақпаратты растады. Күдікті, 26 жастағы жергілікті тұрғын, граната сақтағанын мойындады және көрші аулада екі жарық-шулы гранатаны жасырған жерін көрсетті. Ер адамның айтуынша, Алматы қаласындағы тәртіпсіздік кезінде «полицейлерге лақтыр» деп бейтаныс адам беріп кеткен. Ол гранаталарды үйіне алып келіп, жасырған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» СДТБТ-не тіркелді.  Баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру