Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация есебінде тұрған сотталған жұмыспен қамтылды

СҚО-да пробация есебінде тұрған сотталған жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі қылмыстық-атқару жүйесінің органы ретінде қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшаулаусыз орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асырады және есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді. Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобында жұмысқа орналасуды қажет ететін бас бостандығын шектеуге сотталған Р. есепте тұр.

Уәлиханов ауданы әкімдігінің “Халықты жұмыспен қамту” квотасына сәйкес “Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ бірге сотталған “Қызылту Су Арнасы” ЖШС от жағушы ретінде жұмысқа орналастырылды. Осы іс-шараны өткізу арқасында сотталған жұмысқа орналастырылды, бұл сотталған адамның түзелу жолына түсуіне ықпал етті, өмірде ынталандыру пайда болды, олардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамда оңалтылады.

– Менің жұмысым маған ұнайды. Енді адал еңбектеніп, отбасымды қамтамасыз етемін, болашақ туралы ойланып, жақсы өмірге ұмтылуым керек, – деді сотталған Р.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру