Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері тасжолда жол апатына түскендерге көмектесті

Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апатында зардап шеккендерге полиция қызметкерлері көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін таңғы сағат 06:40 шамасында Алматы – Өскемен тасжолының 962-шақырымында, Жаңа Өзен ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai автокөлігінің 80 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері барып, зардап шеккендерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері жүргізушінің қолындағы жараларды өңдеп, байлап, жедел жәрдем бригадасы келгенше қолдау көрсетті. Олардың жедел әрі сауатты іс-қимылдары апаттан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шеккендердің жағдайын тұрақтандыруға көмектесті.

Жүргізуші мен оның жолаушысы Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру