Алматы полицейлері балалар колониясында жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өткізді
Алматы полицейлері балалар колониясында жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазанда балалар колониясында шахматтан турнир өтті, оған мекеме тәрбиеленушілерінің барлығы дерлік қатысты.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЛА-155/6 балалар тәрбиелеу колониясының әкімшілігімен бірге тәрбиеленушілер арасында үнемі іс-шаралар өткізеді. Себебі олардың арасында есірткі заттарының заңсыз айналымы саласындағы қылмысы үшін жауапқа тартылған кәмелетке толмағандардың едәуір саны бар. Әртүрлі психоактивті заттарды қолдану тәжірибесі барлар да аз емес.Іс-шара аясында ЕҚКБ қызметкерлері есірткіге тәуелділіктің жаман әдет емес, жыл сайын мыңдаған жастардың өмірін алып кететін қауіпті ауру екендігіне ерекше назар аударды. Полиция есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін де еске салды.