Алматы полицейлері банктердің бірінің қызметкерлерін алдаған алаяқтарды ұстады
Алматы полицейлері банктердің бірінің қызметкерлерін алдаған алаяқтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы бірнеше айыпталушыдан тұратын және шетелде тамыр жайған заңсыз әрекеттер тізбегін анықтады. Бұл тізбектің мәні адамдарды алдау арқылы мүмкіндігінше көп ақша табу болды. Алданғандардың арасында екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері де бар.
– Оның мессенджеріне құқық қорғау органдарының өкілдері банк пен оның қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізіп жатқанын және ол олардың нақты нұсқауларын орындауы керек деген хабарламалар келе бастаған. Кейінірек олар кибершабуыл болғанын және алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін барлық қолданыстағы шоттан ақшаны алып, содан кейін сенімді адамдарға аудару қажеттігін хабарлаған. Осы нұсқауларды орындаған әйел шотынан 4 миллион теңге мен 10 мың долларды шешіп алған. Ол ақшаны курьерге беріп жіберген, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінген әйел полициядан көмек сұрады. Курьер дереу ұсталды.
19 жастағы жасөспірім бұл әрекеттің қылмыстық сипатын білетінін мойындады: жұмыс берушілер оған жәбірленушілерден алған соманың 1 пайызы көлемінде сыйақы беріп отырған.
– Курьер ақшаны аударған шоттарды анықтадық. Олардың ізі шетелде табылды. Айтпақшы, қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуға қатысқан үш адам ұсталды. Қазір олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесі анықталуда. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.