Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәлімгерлік дәстүрі – білікті кадрларды дайындаудың тиімді құралы

Алматыда ІІО ардагері полицейлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін ІІМ генералдары жас полицейлердің тәлімгері болғаны хабарланған болатын. Тиісті шешім Алматы қалалық полиция департаменті Тәлімгерлер кеңесінің бірінші отырысында қабылданды.

Медеу аудандық полиция басқармасына 30 жылдан астам ішкі істер органдарында мінсіз қызмет еткен Болат Байжасаров тағайындалды. Жақында ол осы бөлімшеде жеке құраммен кездесу өткізді.

Биылғы жыл кадр сапасын арттыру жылы болып жарияланды. Осыған орай, “Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі” демекші, ІІМ басшылығының бастамасымен ІІО ардагерлері қызметкерлермен тәрбие жұмысын жүргізуге тартылды және бұл – дұрыс шешім. Кеңестің шешімімен еліміздің Тәуелсіздігінің және Қазақстан полициясының қалыптасуының бастауында тұрған ҚР ІІМ-ге еңбегі сіңген 11 қызметкер Алматы полициясының барлық қызмет пен бөлімшелердің кураторы болып тағайындалды. Жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеуде бүгінде білім, даналық және бай өмірлік тәжірибе бұрынғыдан да маңызды. Тәлімгерлік дәстүрі – білікті кадрларды дайындаудың тиімді құралы, – деді Болат Байжасаров.

Сондай-ақ, баяндамашы Ардагерлер кеңестерінің қазіргі полиция қызметкерлері мен болашақ бөлім басшылары үшін таптырмас құндылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру