Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда қараусыз жүрген мал жол апатына себепкер болды

Жетісу облысында қараусыз жүрген мал жол апатының орын алуына себепкер болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 203 шақырымында орын алды.

Қаңғыбас малдармен соқтығысу салдарынан Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

– Мұндай қақтығыстардың нәтижесі – көлік құралының зақымдануына, малдың қырылуына және адамдардың өліміне алып келуі мүмкін. Абырой болғанда бұл жолы зардап шеккендер жоқ, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ППБ командирі Бақытжан Джапаров.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде полицейлер жолдың жүру бөлігінде қараусыз қалған жылқылардың иесін анықтайды.

– Құрметті мал шаруашылығының иелері, сіздерден жайылым ережелерін қатаң сақтауды, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін үй жануарларының жолдың жүріс бөлігінде болуына жол бермеулеріңізді сұраймыз, – деп толықтырды Б. Джапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру