Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен құтқарушылар су тасқыны болуы мүмкін аймақтан адамдарды эвакуациялады

СҚО-да ЖАО, полицейлер мен құтқарушылар су тасқыны болуы мүмкін аймақтан адамдарды алдын ала эвакуациялауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО аудандарында жағдай тұрақтануда. Петропавл қаласы мен Есіл өзені бойындағы Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан ауылдарға қауіп төніп тұр. Жергілікті атқарушы органдар, полицейлер мен құтқарушылар қиындықтарға төтеп беруге дайын. Салдарын азайту үшін эвакуациялау шаралары алдын ала жүргізілуде.

Есіл ауданында Петровка ауылындағы шеткі үйлердің тұрғындары әкетілді. Жергілікті тұрғындар эвакуациялауға жәрдемдесті – шаруашылықты, малды, жиналған жемді құтқаруға көмектесті. Жалпы қолдаумен іс-шаралар қысқа мерзімде жүзеге асты. Тұрғындар қалдырған үйлерді полиция күзететін болады.

Покровка ауылына судың тез кіруі күтпеген жағдай емес. Қазіргі уақытта Береговая көшесінен 24 шеткі үйдің тұрғындары шығарылды.

Қызылжар ауданында да осы сағаттарда Семипалатное ауылында алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мүдделі қызметтер жағдайды бақылауда және адамдарды су тасқыны қаупінен қорғау бойынша жедел іс-қимылдарға дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру