Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер жас қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстады

Елордалық полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің кіреберісінде 20 жастағы қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің түнгі уақытта үйіне келе жатқаны анықталды. Өзінің кіреберісіне жақындаған кезде ол орындықта отырған ер адамды байқаған. Қыз есікті ашып ішке кірген тұста ер адам оның артынан еріп шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған, бірақ қыз қашып үлгерген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтады.

Ол бұрын тонау үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу “102” арнасына хабарласуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру