Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері есірткі қылмысы үшін заңда қарастырылған жазалар туралы айтып берді

Алматы полицейлері есірткі қылмысы үшін заңда қарастырылған жазалар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД-ның tсірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, есірткіні сақтау, сату, жарнамалау, есірткі қоймаларын ұйымдастыру, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дәрілер мен медициналық мақсаттағы заттарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қандай қауіп төнетіні туралы хабарлады.

Лицензиясы жоқ дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл іс-әрекет есірткі сату ретінде қарастырылады (ҚР ҚК-нің 297-бабы), ол үшін зардаптың ауырлығына қарай 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Есірткіні кәмелетке толмаған адамға немесе білім беру ұйымдарында сатқаны үшін (ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігі) өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.

Сонымен қатар тәжірибеде құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру деректері де бар. Қылмыстық заңға сәйкес, мұндай өсімдіктерді заңсыз өсіру (ҚР ҚК-нің 300-бабы) 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Ал есірткі қоймасын ұйымдастырғаны үшін (ҚР ҚК-нің 302-бабы) 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер бұл заңсыз әрекеттер бірнеше рет және/немесе қылмыстық топ тарапынан жасалса, онда мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Есірткі құралдарын насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін (ҚР ҚК-нің 299-бабы, 1-1-бөлігі) мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру