Алматы полицейлері мектеп оқушыларымен суицидтің себептері туралы онлайн-дәрістер өткізді
Алматылық полицейлер мектеп оқушыларымен суицидтің алдын алу мәселелеріне арналған онлайн-дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнекездесу барысында ювеналды полиция инспекторлары оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас, болашаққа оптимистік көзқарас және өзін-өзі дамыту сияқты негізгі мәселелерді атап өтті.
– Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлыққа ең бейім топ екенін атап өткен жөн. Отбасылық мәселелер, әлеуметтік желілердің кері әсері, құрдастарымен қақтығыстар сияқты факторлар жасөспірімдерде күйзелістік көңіл-күй тудырады. Осындай сәттерде өсіп келе жатқан жас баланың жалғыздық пен кемшілікті сезінбеуі маңызды, онымен дұрыс тақырыптарда сөйлесу, былайша айтқанда, оған салауатты өмір жолының қағидаларын еске түсіру, балаға оның барлық уайымы қалыпты екенін жеткізу маңызды, бұл балалық шақтан ересек өмірге қалыпты өту болып табылады. Барлық әрбір іс-әрекет теңдестірілген және мұқият ойластырылған болуы керек. Өз кезегінде бұл мәселеде біздің ювеналды полиция инспекторлары және кез-келген полиция қызметкері әрқашан көмектесуге дайын. Ең бастысы – іштей тұйықталып қалмау және сенімді адаммен сөйлесу, ал әрбір полиция қызметкері сенімді адам бола алады, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Сондай-ақ, ол жоғары сынып оқушыларының мұндай кездесуге қызығушылық танытқанын және осындай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.