Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында алкоголь өнімдерін сату жөніндегі заңнама талаптарын бұзған кәсіпкер лицензиясынан айырылды

Павлодар облысында Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін өткізу жөніндегі заңнамасын бір жыл ішінде қайта бұзған кәсіпкер лицензиясынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

–  Ертіс аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 4-бөлігінде көзделген, заңнамамен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін бір жыл ішінде қайталап сату түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін дүкен иесі алкоголь өнімін бөлшек сату құқығын беретін лицензиядан айыра отырып, 222 мың теңгеден астам сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар облыстық соты Ертіс аудандық сотының шешімін өзгеріссіз, ал жеке кәсіпкердің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды, – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Полиция қызметкерлері 2020 жылғы 27 қарашада сағат 10.15 шамасында Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылының дүкендерінің бірінде алкоголь өнімін сату фактісі анықталғанын айтты. Учаскелік полиция инспекторы аталған дүкен иесінің бір жыл көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі бойынша осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық лицензиядан айыра отырып, айыппұл салуға әкеп соқтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру