Алматы полицейлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде
Алматы қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жоғары сынып оқушыларының арасында есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Дәрістер карантиндік шаралар кезінде "Zoom" арқылы онлайн режимде өткізілді. Енді қала мектептерінің әкімшілігімен келісім бойынша біздің дәрістеріміз оқушылармен бетпе-бет өткізіледі. Дәрістерді жедел бөлімдердің тәжірибелі офицерлері өткізеді. Негізгі міндет - балаларды түрмемен қорқыту емес, оларға есірткімен байланысты әрекеттердің барлық жағымсыз салдарларын жеткізу. Жас ұрпақ есірткінің зұлымдардың қалталарын адасқан адамдардың есебінен толтыру үшін ойлап табылғандығын түсінуі керек. Біздің ортақ мақсатымыз - еліміздің өсіп келе жатқан азаматтарына дұрыс және салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.