Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде

Алматы қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жоғары сынып оқушыларының арасында есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Дәрістер карантиндік шаралар кезінде “Zoom” арқылы онлайн режимде өткізілді. Енді қала мектептерінің әкімшілігімен келісім бойынша біздің дәрістеріміз оқушылармен бетпе-бет өткізіледі. Дәрістерді жедел бөлімдердің тәжірибелі офицерлері өткізеді. Негізгі міндет – балаларды түрмемен қорқыту емес, оларға есірткімен байланысты әрекеттердің барлық жағымсыз салдарларын жеткізу. Жас ұрпақ есірткінің зұлымдардың қалталарын адасқан адамдардың есебінен толтыру үшін ойлап табылғандығын түсінуі керек. Біздің ортақ мақсатымыз – еліміздің  өсіп келе жатқан  азаматтарына дұрыс және салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру