Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері пиротехникалық заттарды сатушыларды тексеріп жатыр

Алматы полицейлері пиротехникалық заттарды сатушыларды тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пиротехникалық бұйымдардың саудасын ретке келтіру, тұрғындар арасында жарақат алу мен өрттің алдын алу мақсатында Алматы полициясы жергілікті рейд жүргізуде.

– Олар жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттар мен олар пайдаланылатын бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Отшашулардың сапасы күмәнді екендігі белгілі, соның салдарынан – оларды пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлар, көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Тәжірибеде олардың пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан жарақат алу деректері бар, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Дулат Жаңғабылов.

Осыған байланысты Алматы полициясы сертификатталған, лицензиясы бар пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және қауіпсіз өңдеу нұсқаулары бар, оларды сату үшін арнайы белгіленген орындардан сатып алуды қатаң түрде ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру