Алматы полицейлері қайыршылардың орнын тексерді
Алматы полицейлері қайыршылардың орнын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметінің мәліметінше, қоғамдық орындарда қайыр сұрағандар арасында шетел азаматтары көп.
– Айтпақшы, бұл күндері шаһарда өтіп жатқан “Келімсек” іс-шарасына қатысты балалы әйелдер анықталды. Олар – Өзбекстан азаматтары. Белгілі болғандай, олар Алматыға арнайы қайыр сұрау үшін келген. Әйелдер ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың балалары нәрестелер үйіне жіберілді. Жалпы, жолдың жүру бөлігінің ортасында қайыр сұрайтын адамдар өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді: бұл қауіпсіз емес. Патрульдік полиция қызметкерлері қызмет барысында осындай фактілерді анықтап, оларды аудандық полиция басқармасына жеткізеді. Егер олардың арасында шетелдік азаматтар бар болса, біздің бөлімшенің қызметкерлері кіріседі, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.