Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда фирмадан 22 млн теңге жымқырған бухгалтер ұсталды

Павлодарда фирмадан 22 млн. теңге жымқырған бухгалтер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер 65 талан-таражға салу фактісін анықтады.

– Мәселен, Павлодар қаласында полицияға кәсіпкер әйел 2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында бухгалтер фирманың 22 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденгені туралы өтініш білдірді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер анықтағандай, 38 жастағы қала тұрғыны өзін сенімді қызметкер ретінде көрсете отырып, бірнеше жылдан бері осы компанияда жұмыс істеп келеді. Айта кету керек, күдікті бұрын алаяқтық үшін сотталған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мәлімет үшін: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру