Семей қаласында полицейлер қалтасында есірткі жасырған ер адамды ұстады
Семей қаласында полицейлер қалтасында есірткі жасырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Семей қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасор-2021″ жедел алдын алу іс-шарасы барысында, үйлердің бірінің жанында 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Рұқсат етілген жеке тінту барысында оның джинсасының сол қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті заты бар бір қағаз бума табылып, тәркіленді.
Ұсталған адамның көлігін тексерген полицейлер жүргізуші орындығының астынанбелгілі бір иісі бар өсімдік тектес жасыл зат бар тағы бір қағаз бума тапқан.
Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 4,98 грамм «кептірілген марихуана» болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасын көздейді.