Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында пробация қызметінен жасырынған әйел ұсталды

Павлодар облысында пробация қызметінен жасырынған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазанда Павлодар облысының Железинка ауылында полицейлер ұрлық үшін іздестіріліп жатқан әйелді ұстады.

Анықталғандай, әйел Тереңкөл ауданында бір әжейдің қасында күтуші болған. Бір күні науқас қарияның әмиянын алып, азық-түлік алу үшін дүкенге кетіп, қайта оралмаған. Содан әжей күтушсін де, азық-түлікті де, әмиянын да қайтып көрмеген.

Кейін «дүкенге» кеткен күтушінің Аққулы ауылынан бірақ шыққаны анықталды. Оған жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары жазбаша түрде таныстырылып, сот міндеттерін орындамаған жағдайда ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені түсіндірілген. Алайда соған қарамастан, әйел пробациялық бақылауға бармаған. Енді мұндай мінез-құлқы үшін әйел сот алдында барады, ол жерде соттылы әйелдің ендігі жазасы туралы мәселе шешіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру