Алматы полицейлері қалта ұрыларының көбейгенін ескертеді
Алматы полицейлері қалта ұрыларының көбейгенін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Видеодағы – Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкері Қолғанат Аяғанов. Бұл – қоғамдық көліктегі қалта ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары жүргізіп жатқан алдын алу шараларының эпизоды. Осы жұмысқа негізінен учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
– Қарбалас уақытта форма киген полицейлер азаматтарға оңай жолмен ақша табуды ұнататындардың белсенділік танытып жатқанын ескертіп, өз мүлкіне сақтықпен қарауға шақырады. Науқан қалалық аялдамалар мен қоғамдық көліктерде өтуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтарға жеке мүлікті қорғау шаралары және оны жымқыруға жол бермеу туралы айтып береді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қоғамдық көлікте жүру кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері:
– ұялы телефондарды, сөмкелерді және басқа да заттарды өзіңізбен бірге ұстаңыз;
– қоғамдық көлікпен жүрген кезде ұйықтамаңыз;
– жеке құжаттарды киімнің ішкі қалталарына салыңыз;
– әмиянға банк карталарының PIN-кодтары бар жазбаларды салмау;
– қоғамдық көлік салонында ашық немесе зақымдалған сөмкелермен, рюкзактармен және т.б. жүрмеңіз немесе бұл заттарды өзіңізге жақынырақ ұстаңыз;
– бейтаныс адамдардың көзінше ақшаны көрсетпеңіз және санамаңыз.