Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны интернеттегі “танысына” 3 млн теңге аударған

Ақмола тұрғыны интернеттегі “танысына” 3 млн теңге аударған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 желтоқсанда облыстың 32 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді. Ер адамның айғағы бойынша, 2021 жылы ол Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғынымен танысу сайтында танысқан.

Интернет байланысы процесінде 2021 жылдың тамызы мен биылғы жылдың қыркүйегі аралығында әйел жәбірленушіге тиесілі 3 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденді, сонымен бір мезгілде өтініш берушінің интернет танысы көзбе-көз көрісуден бас тартқан.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру