Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі
Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.
– Екі күдікті – Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. Айтпақшы, ол бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық Полиция бепартаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.