Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футбол турнирі өтті

Семейде ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футбол турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының пробация қызметкерлері әріптестерін құрметті демалысқа шығарып салуына арнап, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесі ұйымдастырған шағын-футбол турниріне қатыстыСпорттық жарыстарға барлығы жеті команда қатысты, олардың ішінде: Семей қаласының пробация қызметкерлері, ОВ-156/14, ОВ-156/15, ОВ-156/16 мекемелерінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлері.

​- Командалар арасындағы ойын тартыс нәтижесінде, ОВ-156/14 мекемесінің командасы жеңіске жетті, екінші орынды Семей қалалық пробация қызметінің командасы алды, үшінші орынды ҚР Ұлттық ұланы иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша үздік ойыншылар марапатталды, – деді Эрик Усербаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру