Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да колонияға тыйым салынған затты өткізбек болған ер адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында сотталғанның досы колонияға тыйым салынған затты өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында ер адам телефонды қатаң режимдегі колонияға тікелей заңсыз кіргізбек болған. Ол сотталғанға телефонды тәтті прәндікке арналған ыдысқа салып, тапсыруға тырысқан.

Бұл ер адам көрші Абай ауданынан досымен қысқа мерзімді кездесуде көрісуге келген. Сотталғанның досы азық-түлік сөмкесіне тыйым салынған затты бүркемелеп салып әкелген.

Қонақ әкелген сыйлығын алдын ала ашылған прәндік пакетіне салып жасырып, қайта жапсырып қойған. Бір қарағанда прәндіктердің қаптамасы ешқандай күдік тудырмаған.

Алайда бұл “жасырын сәлемдемені” адам мен багажды жеке тексеру үшін орнатылған рентгенді-телевизиондық құрылғының көмегімен анықтады.

Заманауи технологиялардың айлакер жолмен жасырылған тыйым салынған заттарды анықтауға бір емес, бірнеше рет көмектескенін айта кету керек.

– Барлық жасырын нысандар құрылғыда анық көрінеді және сотталғандарға әкелінген әрбір сәлемдемені тексеру кезінде заманауи құрылғыларды міндетті түрде пайдаланамыз, – дейді ҚР ІІМ ШҚО ҚАЖД-ға қарасты №16 мекеме бастығының орынбасары Уәлихан Рахымжанов.

Тексеру тобының қызметкерлері әкелінген сәлемдеме бірден күдік тудырғанын айтты және тексеру нәтижесінде, азық-түлік сөмкесіндегі прәндіктің салындысы бар екені анықталды.

Аталған факт бойынша материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін аумақтық полиция бөліміне жіберілді. 29 жастағы құқық бұзушыға айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру