Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді

Павлодар облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №46 мекеме қызметкерлері 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін тоқтатты.

Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде тексеру кезінде қызметкерлердің назарын екі литрлік табиғи шырын құйылған тетрапакет аударды. Мұқият тексеру барысында қаптаманың ішінде айлакерлік тәсілмен жасырылған бөгде зат анықталды.

Қаптаманы ашу кезінде өзіне тән иісі бар сұр-жасыл түсті зат тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша ол темекі өнімдеріне жататын тыйым салынған зат болуы мүмкін.

Сәлемдеме жіберілген сотталған азамат сауалнама кезінде оның ішінде не бар екенін білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол сәлемдемені жіберген адамды танымайтынын және онымен ешқандай байланысы жоқ екенін жеткізді.

Құқық бұзушылық фактісі бейнетіркегішке тіркелді. Осы оқиғаға байланысты жөнелтушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Қазіргі уақытта материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру