Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады

Түркістанда полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдікті жігітті қолға түсірді.

Белгілі болғандай, үй иесінің жоқтығын байқаған күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесінен ішке кіріп, ұрлыққа барған. Жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті қолды еткен.

Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі – 500 мың теңге.

Сондай-ақ тексеру барысында полицейлер күдіктілердің тағы бір ұрлық қылмысына қатысы барын анықтады. 

Қырағы полицейлердің арқасында бағалы заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда екі күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру