Алматы полицейлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда
Алматы қаласының Полиция департаментінде жеке құрам бойынша инспекция қызметкерлері бөліністердің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, онда полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес шеңберінде Полиция департаменті қызметтік тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Полиция қызметкерлері жасаған төтенше және жол-көлік оқиғаларының барлық фактілері мұқият тексеріліп, кейіннен жедел кеңестерде және Тәртіптік комиссияның отырысында қаралып, онда кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады, – деді жеке құрам бойынша инспекцияның бастығы Ерлан Дүйсеков.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері қызметкерлердің қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауына, азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасауына қойылатын талаптар күшейтілгенін атап өтті, бұл азаматтардың полицияға сенім деңгейін арттыруға көмектеседі.
– Ашықтық пен айқындылық қағидаттарын іске асыру шеңберінде біз жаңа ақпараттық- коммуникациялық жүйелерді белсенді қолданамыз. Бүгінгі күні қызметкерлер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен басқа да заңсыз құбылыстардың жолын кесу үшін жедел-алдын алу іс-шаралары күшейтілді, – деді Е.Дүйсеков.