Алматы полицейлері зейнеткерлер мен мүгедектердің үй шаруаларына көмектесті
Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы полицейлері жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жеке үйлерде көктем келгенде жұмыс көбейе түседі. Біреуге ауланы тазарту керек, біреуге қар шығару керек. Жалғызбасты зейнеткерге көмек күтетін адамы болмағандықтан, үйіне кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізуге, крандарды жөндеуге, ауладағы қоқыстарды шығаруға тура келген. Бүгін оған біздің бөлімшелердің қызметкерлері көмекке келді. Тағы бір зейнеткердің үйінде айналаны тазарту қажет болды, тәртіп сақшылары қоқысты ауладан шығарып, үйді жинады. Оларға көмектесу арқылы біз жас ұрпақты өзара көмек пен жанашырлыққа тәрбиелейміз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Дінмұхаммед Шелекбай.
Зейнеткерлер өз кезегінде қамқорлық танытқан көмекшілеріне ерекше ризашылықтарын білдірді.